From Wikipedia, the free encyclopedia
Бөдене — Атырау облысы Индер ауданындағы ауыл, Бөдене ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Бөдене | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
48°23′50″ с. е. 51°38′48″ ш. б.48.39722° с. е. 51.64667° ш. б. (G) (O) (Я) |
Бұрынғы атаулары |
№3 ауыл |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲1560 адам (2021) |
Этнохороним |
бөденелік, бөденеліктер |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
06 |
Бөдене шекарасы
|
Аудан орталығы Индербор кентінен оңтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде, Жайық өзенінің сол жақ жағалауында Атырау—Индер тас жолының бойында орналасқан.
1989 жылы елді мекенде 1120 адам тұрған.[1] 1999 жылы тұрғындар саны 1449 адам (734 ер адам және 715 әйел адам) болса, 2009 жылы 1476 адамды (754 ер адам және 722 әйел адам) құрады.[2]
2021 жылғы санақ бойынша 1560 адамды (820 ер адам және 740 әйел адам) құрады.[3]
Ел бұл жерге 1925 ж. Алғаш қоныстанып, “Екпінді” ұжымшары құрылған. 1963 ж. “Индер” көкөніс кеңшары құрылды.
Ауылдағы мәдени-әлеуметтік нысандар көркейтіліп, 624 орындық мектеп үйі салынды. Медпункт селолық амбулаторияға айналдырылды. Кітапханаға бөлек орын беріп, клуб әр түрлі музыкалық құралдармен жабдықталды. Ауылда тұрғын үй салу жұмысы жанданды. Сонымен қатар ауылға газ құбырын тарту қолға алынды.[4]
Қазіргі кезде ауылда 11 шаруа қожалығы, «Бөдене» орта мектебі, "Балбөбек" бөбекжай бақшасы, емхана және байланыс бөлімшесі жұмыс істейді.
Бөдене ауылында Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтарға арналған ескерткіш бар.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.